қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














Сапа менеджменті, аккредиттеу және мониторинг бөлімі

Алтыбаева Айсулу Әбутәліпқызы

Сапа менеджменті, аккредиттеу және мониторинг бөлімінің басшысы


2014-2020 ж. арналған университеттің стратегиялық даму жоспары
Сапа бойынша саясат
Академиялық саясат
Сырдария университетінің сапа саласындағы мақсаттары
Мониторинг нәтижелері

"Сырдария" университетінің сапа менеджменті жүйесі туралы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 10 желтоқсан 2003 жылдағы №822 бұйрығын орындау мақсатында "Сырдария" университетінің басшылығы университетте ИСО 9001:2008 моделі бойынша Сапа менеджменті жүйесін енгізу үшін және сертификацияға дайындықты бастау туралы шешім қабылдады. Сапа менеджменті жүйесін дайындау және енгізу жөнінде жұмыстар жүргізілді. Университетте 2009 жылы 1 қыркүйекте сапа менеджменті жүйесін енгізу мақсатында сапа менеджменті басқармасы ұйымдастырылды. Басқарманы 2010-2011 жж т.ғ.к. С.Д.Мамраймов басқарды.

ИСО 9001:2008 ХС енгізудің іс-шаралар жоспары құрылып университеттің сапа менеджменті жүйесі бойынша нормативті құжаттары дайындалды. Сертификациялық орган ретінде "Түрік стандарттар институты" таңдап алынды. 2010-жылдың 17-18 маусым аралығында жұмыс жүргізген Түрік стандарттар институтының эксперттері - Тефвик Бийыклы, эксперт Ильге Карагоз Ахметова сыртқы аудит өткізді.

Сертификациялық аудит нәтижесінде "Сырдария" университетінің сапа менеджменті жүйесін сертификацияға ұсыну туралы шешім қабылданады.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде университет ХС ИСО 9001:2008 стандартына және халықаралық IQNET сертификациялық жүйесіне сәйкестік туралы халықаралық сертификациядан өтіп 22.06.2010 жылы Түрік стандарттар институтының № KY-6144/10-R және IQNET № TR-KY-6144/10-R сертификаттарына ие болды.
2012-2013жж бөлімді М.Шойбеков, 2013-2014 жж М.Жасузакова басқарды.
2014-2015 оқу жылы Сапа менеджменті және аккредиттеу бөлімі болып қайта құрылды.
2015-2016 оқу жылы Сапа менеджменті, аккредиттеу және мониторинг бөлімі болып қайта құрылды, мониторинг маманы А.Азизбекова тағайындалды.

2016 жылы университет үшінші ресертификациялық аудиттен өтті.

Батырханов Қанатбек Ералханұлы

Сапа менеджменті, аккредиттеу және мониторинг бөлімінің маманы

2015-2016 оқу жылында университет институционалдық, 5В010200 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі,5В010300 Педагогика және психология, 5В011000 Физика, 5В011400 Тарих, 5В011700 Қазақ тілі және әдебиеті, 5В010800 Дене шынықтыру және спорт мамандықтары мамандандырылған аккредиттеуден өтті.Аккредитациялық орган Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі.

2016-2017 оқу жылында 5В010600- Музыкалық білім, 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу, 5В042100- Дизайн, 5В012000- Кәсіптік оқыту, 5В010900 – Математика, 6М010900- Математика, 5В060200- Информатика, 6М011100- Информатика, 5В070400- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, 5В011200- Химия, 6М011200- Химия, 5В011600- География

5В011300- Биология, 5В060700-Биология, 6М011300- Биология, 6М011700- Қазақ тілі және әдебиеті, 6М010200- Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 6М011400- Тарих,5В011900- Шетел тілі: екі шетел тілі, 5В030100- Құқықтану, 5В050800-Есеп және аудит, 5В050900-Қаржы, 6М050600- Экономика мамандықтары мамандандырылған аккредиттеуден өтті. Аккредитациялық орган Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі.

2018-2019 оқу жылында институционалды және мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде постаккредитациялық мониторинг өткізілді.

Қазіргі таңда бөлімде 2 қызметкер жұмыс істейді: бөлім басшысы А.Алтыбаева және бөлім маманы:Қ.Батырханов.

Бөлім жұмыс берушілер тұтынушылар ( білім алушылар, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер) арасында сауалнамалар өткізеді. Бөлім сауалнама нәтижелерін талдап университеттің жоғары басшылығына жақсарту жұмыстарын жүргізу үшін ұсынады.

2018-2019 оқу жылында университет төртінші рет ресертификациядан өтті. ХС ИСО 9001:2015 стандарты сәйкестігі туралы жаңа № KY-6144/10-R16 және IQNET № TR-KY-6144/10-R15 сертификаттарына ие болды.

2018-2019 оқу жылында университет институционалдық аккредиттеу шеңберінде постмониторингтен өтіп, сертификат мерзімі 2021 жылға дейін ұзартылды.








Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

free counters
^ Жоғары шығу