қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English













Бөлімдер


Оқу-әдістемелік басқарма
Тіркеу офисі
Академиялық ұтқырлық бөлімі
Кітапхана
Студенттерге қызмет көрсету орталығы

Мамраимов Серік Дәулетұлы
Ректор, оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

телефон: 8(72534)6-14-63

e-mail: s_dauletuly@mail.ru

Мамраимов Серік Дәулетұлы 1966 жылы 5 қаңтарда дүниеге келген. 1983 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы "Мырзашоқы" ауылында Ілияс Жансүгіров орта мектебін бітірген. 1993 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтын аяқтап, тарих пәні мұғалімі мамандығын алған.

1993-1996 жылдар аралығында Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

1996–1998 жылдар аралығында Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Жетісай бөлімінде тарих пәнінің оқытушысы қызметін атқарды.

1998 жылдан "Сырдария" университетінде декан орынбасары, кафедра меңгерушісі, Оқу-әдістемелік басқарма басшысы, Ғылыми және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор, университет ректоры қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда осы университеттің Оқу істері жөніндегі проректор қызметін атқаруда.

2007 жылы 30 қазанда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Рамазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жанындағы диссертациялық кеңесінде кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған.

Ғылым жолындағы шығармашылық ізденісі түрлі отандық және шетелдік ғылыми баспа беттерінде жарияланған. Екі монографиясы, бір оқу-әдістемелік құралы, 50-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрген.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Отбасылы, төрт перзенті бар.


Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 14.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
E-mail: sirdariya@mail.ru

free counters
^ Жоғары шығу