![]() |
|
![]() ![]() ![]() ![]() ![]() |
||||||||||||||||||||||
АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БӨЛІМІАкадемиялық ұтқырлық бағдарламалары
Мевлана бағдарламасында серіктес:
Erasmus + бағдарламасында серіктес:
|
| MEVLANA академиялық ұтқырлық бағдарламасы![]() Мевлана бағдарламасы Түркияның Жоғарғы оқу орындары мен шетелдік университеттердің студенттер мен оқытушылар құрамының алмасуына бағытталған. Түркияның 100-ден аса ЖОО-ы осы бағдарлама аясында ынтымақтастыққа бекітілген. Мевлана бағдарламасы арқылы Түркияда немесе Қазақстанда білім алғысы келетін студенттер мен тәжірибе алмасушы оқытушыларға қаржылық қолдау көрсетеді. Студенттер шетелде 1 немесе 2 семестр білім алуға, ал оқытушылар шетелде 1 аптадан 3 айңа дейін лекция оқып, зерттеулер жүргізуге мүмкіндік бар. Қазіргі кезде «Сырдария» университеті мен Түркияның ЖОО-ы арасындағы ұйымдастырылған ынтымақтастықтан студенттер мен оқытушылар пайдалана алады. Студенттер университеттерде 1 семестр бойы айына 260 у.е көлеміндегі стипендиямен тегін оқи алады. Мевлана бағдарламасына үлгерімі «жақсы», сондай-ақ ағылшын тілін «upper-intermediate» деңгейінде білетін бакалавриаттың 1-3 курс студенттері (GPA 2,5 төмен емес), магистранттар (GPA 3 төмен емес) қатыса алады. Мевлана бағдарламасы оқытушыларға аптасына 6 сағаттан кем емес ағылшын тілінде оқылатын лекция үшін түрік тарапынан ақы төленеді. Түркия университеттерінде лекция оқымайтын оқытушылар бағдарламаға қатыса алмайды. Жол ақысы, виза мен сақтандыру шығындары студенттер мен оқытушылар тарапынан төленеді.
«Сырдария» университеті студенттері мен оқытушылары Мевлана бағдарламасы аясында Түркияның мына университеттерінде білім алып, дәріс оқи алады.
Erasmus + академиялық ұтқырлық бағдарламасы![]() Эразмус+ - Еуропалық Одақтың 2014- 2020 жж. білім беру, спорт және жастар саясаты аясындағы жаңа жобалар, ынтымақтастықтар мен академиялық ұтқырлықты қолдауға арналған жаңа бағдарлама. Студенттер, магистранттар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы. Бағдарлама аясында бакалаврлар, мамандар мен магистрлер Еуропа университеттерінде, магистр дәрежесін алуға, лекция оқуға немесе зерттеулер жүргізуге болады. Эразмус+ бағдарламасы білім беру мен оқыту жүйесінің тұрақты дамуы мен жаңартылуына, спорт және жастар саясатын дамытуға қолдау көрсетуге, сондай-ақ азаматтардың қабілеттерін арттыру арқылы олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған. Жаңа бағдарлама адами потенциалға салынатын инвестициялар көлемін айтарлықтай арттыруды көздеп отыр. Бағдарламаның Халықаралық өлшемі (яғни серіктес елдермен әріптестік) әріптестік мүмкіндігі бар жоғары білімге, жастар саясаты саласына басым көңіл бөледі. Жоғары білім беруде екі бағдарлама (Бірлескен магистерлік дәреже және Жан Моне бағдарламасы) ЕО ішкі бюджетінен қаржыланады. Басқа екі бағдарлама (кредиттік тұтастық және мүмкіндіктерді арттыру)сыртқы әріптестікті дамыту қорынан қаржыланады.
Эразмус+ бағдарламасы бойынша толық ақпаратты Сіз Эразмус+ бағдарламасы туралы нұсқаулықтан таба аласыз.
![]() |
||||||||||||||||||||
|