қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English














Оқу ісі жөніндегі проректор Оқу-әдістемелік басқарма Тіркеу офисі Академиялық ұтқырлық Компьютер орталығы Студенттік бөлімі



АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БӨЛІМІ

ХАБАРЛАНДЫРУ



Түркияның АНАДОЛУ УНИВЕРСИТЕТІ 2018-2019 оқу жылына Мевлана бағдарламасы аясында, тарих, орыс тілі және әдебиеті, шетел тілі: екі шет тілі, информатика, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, бейнелеу өнері және сызу мамандығының 1-3 курс студенттеріне, 1 немесе 2 семестр тегін оқуға құжаттар қабылдайды.

Түркия тарапынан студенттерге айына 1000 TL (84000 тг) стипендия тағайындалған, жол ақысы (бару-қайту 100 000 тг), виза мен сақтандыру шығындары (5000 тг) студенттер тарапынан төленеді.

Қажетті құжаттар: (25 ақпанға дейін қабылданады)

  1. Оқу деңгейі транскрипті (GPA 2,5 төмен емес)
  2. Өтінім білдіруші формасы
  3. Ағылшын немесе түрік тілі сертификаты
  4. Студенттік билет
  5. 3×4 сурет – 2 дана

Оқытушылар үшін:

Жоғарыда аталған мамандық оқытушылары (2 аптадан 3 айға дейін) аптасына 6 сағаттан кем емес ағылшын тілінде оқылатын лекция үшін түрік тарапынан ақы төленетін іс-сапарға бара алады, лекция оқымайтын оқытушылар бағдарламаға қатыса алмайды.

  • Оқытушы портфолиосы (Резюме, публикациялар тізімі, оқитын пәннің жұмыс жоспары)
  • Өтінім білдіруші формасы
  • Ағылшын немесе түрік тілі сертификаты

Оқытушыларға жол шығыны бағдарлама тарапынан төленеді.

 

Ескерту: Қажетті құжаттарды дайындау тамыз айына дейін жүзеге асырылады, қазір тек өтінім формасы толтырып жіберіледі. Бағдарлама жайлы толық ақпаратты мына сілтемеден http://www.yok.gov.tr/en/web/cohe/homepage немесе академиялық ұтқырлық бөлімінен аласыз.
Меруерт - тел: 8 747 252 43 68





Erasmus+ бағдарламасының аясында, Венгрияның Эстерхази университетімен академиялық алмасу жөніндегі екіжақты келісімшарт негізінде, 2018-2019 оқу жылының күзгі семестріне экономика, география, информатика, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандықтарының 1-3 курс студенттері арасында 4 орынға іріктеу жарияланады.

Негізгі талаптар:
1. Оқу деңгейі транскрипті (GPA 2,5 төмен емес)
2. Ағылшын тілін білу деңгейі В1, В2

Оқу тегін, жол шығыны, виза, сақтандыру және тұрақтайтын орын шығындары бағдарлама тарапынан төленеді.

Оқытушылар үшін:

Жоғарыда аталған мамандық оқытушылары үшін де Эстерхази университетінде ағылшын тілінде сабақ жүргізуге 2 орынға іріктеу жарияланады. Бағдарлама күніне 150 евроны (барлығы 5 күнге-700 евро) құрайтын жалақы төленеді.

Жол, виза, сақтандыру шығындары бағдарлама тарапынан төленеді.

Негізгі талап:

  1. Ағылшын тілін білу деңгейі В2-ден жоғары

Бөлім мәзірі

Жалпы ережелер
Өтініштер
Қажетті құжаттар
Шетелдік серіктестер
Академиялық ұтқырлық бағдарламалары
Халықаралық гранттар мен шәкіртақылар
Шақырылған профессорлар
Байланыс




Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Телефон: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27
Факс:        8(72534) 6-14-63, 6-20-08
Е-mail: sirdariya@mail.ru

free counters
^ Жоғары шығу