қазақша орысша сайтын картасы конак кітабы English













Оқу ісі жөніндегі проректор Оқу-әдістемелік басқарма Тіркеу офисі Академиялық ұтқырлық Компьютер орталығы Студенттік бөлімі



Шетелдік профессор-оқытушыларды тарту бойынша дәріс өткізген ПОҚ тізімі

1. э.ғ.к., Хаиров Бари Галымович "РФ қарамағындағы қаржы университеті" Омск қ., РФ.

 

2. з.ғ.к., Ч. К.Карынов , Махмуд Қашғари-Барскани атындағы Шығыстану университеті (Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласы)

3. м.ғ.д., профессор, Клаус-Петер Эйхлер (Германия, г.Швебищ-Гмюнд)

4. этнолог, PhD Йеско Шмоллер (Германия, г.Берлин)

5. х.ғ.д., Свитлана Любчик (Португалия, г.Лиссабон)

6. ф.ғ.д., профессор Вальтер Фризен (Германия, г.Дортмунд).

Шетелдік профессорларды тарту бойынша қонақтар

    1. ф.ғ.к., профессор М.К.Ансоров, Тәжік педагогикалық институты Пенджикент қаласы, Тәжікстан Республикасы

2. профессора Кембриджского университета Сидхартха Саксена (Англия, г.Кембридж)

3. Венгрия Республикасының Дьендьеш қаласының мэрі Ласло Фараго бастаған делегация,

Дьендьеш қаласындағы өндірістік аймақтың директоры әрі тең құқықты төрағасы Реже Надь

4. Франция Парламентінің сенаторы Эмери де Монтескью (Франция)



"Сырдария" университетінің шетелдік ПОҚ тартылуы бойынша дәріс өткізген оқытушылар тізімі

 

1. э.ғ.к., Хаиров Бари Галымович "РФ қарамағындағы қаржы университеті" Омск қ., РФ.

5-6.04.2016

2. з.ғ.к., Ч. К.Карынов , Махмуд Қашғари-Барскани атындағы Шығыстану университеті (Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласы)

3-11.12.2015

3. этнолог, PhD Йеско Шмоллер (Германия, г.Берлин)

25-30.11.2015

4. ғ.д., профессор, Клаус-Петер Эйхлер (Германия, г.Швебищ-Гмюнд)

15-16.03.2015

5. ф.ғ.д., профессор Вальтер Фризен (Германия, г.Дортмунд).

02-15.04.2014

6. х.ғ.д., Свитлана Любчик (Португалия, г.Лиссабон)

03-05.12.2014






2015 жылдың 15-16 наурыз аралығында Германиялық математика ғылымдарының докторы, профессор Клау Петер Ейшлер шақырылып, ол математика мамандығының 1-2 курс студенттеріне "Математиканы дидактикалық формада түсіндіру жолдары" атты тақырыпта дәріс өткізді.




Ресей Федерациясы Омск қаласындағы филиалы

э.ғ.к., Хаиров Бари Галимович қонақта

Сәуір айының бесінші, алтыншы жұлдызында университетімізде Ресей Федерациясы үкіметінің жанындағы қаржы университетінің Омск қаласындағы филиалы директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары, экономика ғылымдарының кандидаты Хаиров Бари Галимович қонақта болып, академиялық ұтқырлық бойынша "Құқық және экономика" кафедрасының "Қаржы", "Есеп және аудит" мамандықтарына дәріс оқыды.

Оқу-ғимараттарды аралап, университеттің тыныс-тіршілігімен танысып, "Педагогика және психология" кафедрасының ұйымдастыруымен болған "Бейнелеу өнерінің биігі-бастауышта" атты Ресей мемлекеті және Мақтаарал аудандық білім бөлімімен бірлескен көрме-олимпиадасына кафедра студенттері мен мектеп оқушылары ат салысқан іс-шарада әділ қазылар алқасының төрағасы ретінде қатысып, өзінің ойымен бөлісті.





Тәжік педагогикалық институтының профессоры университетімізде қонақта

2015 жылдың 12-желтоқсанында "Сырдария" университетінде Тәжікстан Республикасы Пенджикент қаласындағы Тәжік педагогикалық институтының ректоры, ф.ғ.д., профессор Ансоров Муаззам Кудротзодо университетімізде іс-сапарда болды.


Іс-сапар барысында Муаззам Кудротзодоның басқаруымен "Дизайн", "Бейнелеу өнері және сызу", "Кәсіптік оқыту", "Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандықтарының студенттері және оқытушылары арасында "Палитра мира" атты халықаралық шығармашылық көрме ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты әлем мәдениеті мен өнерін, әр елдің табиғатын, дәстүрін паш ету. Көрме төрт бағытта өтті: 

1. Кескіндеме 

2.Сурет 

3.Графика 

4.Сәндік-қолданбалы өнер

Нәтижесінде факультет декан орынбасары доцент Сапарбаева Ұлданай Әлібекқызына және кафедра оқытушылары Сазов Сакен Сүндетұлы, Абдикаримова Алтынай Қарабекқызына диплом берілді. "Дизайн" мамандығының студенттері Садриддинова Гүлзада, Пілал Жазира, Жақсылық Айшат, Кенжебек Жазира. "Бейнелеу өнері және сызу" мамандығы студенттері Тоқаяқова Айтолқын, Ағатай Айша, Маткаримова Динара, Құлсейіт Ләззат, Фазилов Озод, Кенжебай Меруерт. "Кәсіптік оқыту" мамандығы студенттері Ұзақбай Марал, Ыдырыс Аружан, Турсунов Достон, Эрматова Умида т.б түрлі дәрежедегі дипломдармен марапатталды.




Махмуд Қашғари-Барскани атындағы Шығыстану университетінен қонақтар

(Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласы)

Махмуд Қашғари-Барскани атындағы Шығыстану университеті (Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласы) "Білім беру саласында өзара ынтымақтастық туралы" келісімшарт жасасты. Осы келісімшарттың негізінде 2015/2016 оқу жылының  03.12-11.12.2015 жыл аралығында аталған университеттің профессоры, з.ғ.к., Карынов Чолпонбай Карыпбаевич университетіміздің "Құқықтану" мамандығы студенттеріне "Еңбек құқығы" пәнінен дәріс оқыды. Ал аспирант Джунусова Чолпан Исаевна "Макроэкономика" пәнінен дәріс оқыды

С 4 по 5 апреля 2014 года состоялась встреча профессора Кембриджского университета Сидхартха Саксена со студентами специальности "Шет тілі".

Венгрліктер "Сырдария" университетінде қонақта

Мақтарал ауданының орталығы Жетісай қаласының күні мерекесіне орай Венгрия Республикасының Дьендьеш қаласының мэрі Ласло Фараго бастаған делегация ауданымызға арнайы келіп, "Сырдария" университетіне ат басын бұрды.

"Сырдария" университетінің оқу ғимараттарын, ондағы жұмыс істеп тұрған "Инновациялық зерттеу орталығын" аралап көрді.Оларға ректор Серік Мамраимов орталықтағы химия және биология лабороторияларын көрсетіп, жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарымен таныстырды. Қонақтарға Ырсымбетов Нұрланның дайындауымен университет жайлы бейне материал көрсетілді. Профессор Бөрі Иса жетекшілік ететін "Жетісай сазы" оркестрі мен "Таңжарық" бишілер тобының өнерлеріне тәнті болды."Қазақстан" студенттер сарайында венгрлік делегация "Экономикалық әріптестік" форумына қатысып, аудандыдық кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының төрағаларымен кездесу өткізді. Оны аудан әкімінің орынбасары Б. Қалжанов жүргізіп отырды.

Осы кездесуде Дьендьеш қаласындағы өндірістік аймақтың директоры әрі тең құқықты төрағасы Реже Надь мырза жиналғандарға қала мен өндірістік аймақта өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдері туралы жан-жақты ақпараттар берді.

Оның сөзін Елена есімді аудармашы тәржімалап отырды. 
Түсінгеніміз 50 мың тұрғыны бар қалада әлемге танымал "CLACC" пен "LINAMAR" компаниялары ауыл шаруашылық, жол, құрылыс салаларына арналған техникалар шығарады екен. Р.Надь мырза: "Егер сіздер тарапына қызығушылық білдірілсе, онда әріптестікке дайынбыз" дегенді жеткізді. 
Бір өкініштісі, ол жерде мақта мен текстил саласына қатысты қондырғылар жасалмайтын болып шықты. "Бірақ Сіздер тарапынан сұраныстар түсіп жатса, ол мәселені де шешеміз" деп директор сөзін аяқтады. Шарулар тарапынан әсіресе, шөп орушы және нығыздаушы қондырғыларға ерекше қызығушылық білдірілді. Қонақтарға кәсіпкерлер тарапынан бірнеше сұрақтар қойылды.

Кездесуден соң, университет тарапынан ұйымдастырылған көрмемен танысты. Көрмеге "Кәсіптік білім және өнер" факультетінің студенттерінің қолынан шыққан қол өнер бұйымдары, унверситет мұражайымен, "Дене шынықтыру және спорт" факультетінің жетәстіктермен танысып тәнті болды.

Көрмемен таныс болған соң, университет тарапынан арнайы дайындалған ұлттық тағамдардан дәм тарту үшін қазақи үлгіде безендірілге киіз үйге кірді.

Онда кофе-брейкте ұйымдастырылды. Қонақтар "Сырдария" университетінің ұжымына өз алғыстарын айтып, ондағы білім алу үшін барлық жағдай жасалғандығын көріп, өз ризашылықтарын білдірді. 
Университет тарапына қонақтарға естелік үшін қол өнер бұйымдары мен қазақ тарихы жайлы жазылған кітаптар сыйға берілді.



ФОТОГАЛЕРЕЯ, қонақтар




Біздің мекен-жайымыз:
160500, Түркістан облысы, Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 11.
Тел.: 8(72534) 6-30-00, 6-34-03
Факс: 6-34-03, 6-14-63
Е-mail: sirdariya@mail.ru

free counters
^ Жоғары шығу